Бас консулдың Гессен федералдық жерінің Мемлекеттік кеңсесіндегі кездесуі туралы

Бас консулдың Гессен федералдық жерінің Мемлекеттік кеңсесіндегі кездесуі туралы

28 тамызда Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаев Гессен федералдық жерінің Мемлекеттік министрі, Мемлекеттік кеңсесінің басшысы Аксель Винтермайермен кездесті.

Сұхбат барысында Бас консул Мемлекеттік министрді Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жағдайымен, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған іс-шараларды Гессен федералдық жерінде өткізу жөніндегі Бас консулдықтың жоспарларымен таныстырды.

Өз кезегінде А.Винтермайер Гессен федералдық жері Қазақстанмен түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға мүдделі екенін және әлемдегі короновирустық жағдай тұрақтылғанда Гессен федералдық жерінде Қазақстанға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған Бас консулдықтың шараларын ұйымдастыруға қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін

Анықтама: Гессен федералдық жері Германияның орталық бөлігінде орналасқан және аумағы 21115 шаршы шақырымнан, ал тұрғындарының саны 6,3 миллион адамнан тұрады (2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша). Осы аймақта химия, автомобиль жасау, авиация, ғарыш және медициналық техникалар саласында жұмыс істейтін бірқатар ірі халықаралық компаниялар табысты жұмыс істейді. Сонымен бірге Гессенда био, нано және ақпараттық технологиялар, оптика индустриясы мен экологиялық технологиялар, логистика, қаржы және сақтандыру саласындағы жетекші компаниялар орналасқан. Рейн-Майн аймағының астанасы деп аталатын Майндағы Франкфурт қаласында Еуропалық Орталық және Германияның Орталық банкілернің бас-пәтерлері және басқа да 250-ден астам еуропалық жеке банктердің орналасуы - бұл қаланы Еуропадағы жетекші қаржы платформасына айналдырған. Еуропаның ортасында орналасқан континенттегі ең үлкен Франкфурт әуежайы - жыл сайын 70 миллионнан астам жолаушы мен 2 миллион астам метрлік тонна жүк тасымалданатын жетекші интермодальдық көлік желісінің бірі болып табылады.