Саар СӨП-да инвестициялық әлеуетімен таныстыру туралы

Саар СӨП-да инвестициялық әлеуетімен таныстыру туралы

3 қыркүйекте Саар Федералдық жерінің Сауда-өнеркәсіп палатасында өңірдің іскер топтарының жетекші өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуетінің тұсаукесері өтті.

Өз баяндамасының барысында Бас консул іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайымен және экономиканы әртараптандыру мен инвестициялық ахуалдың тартымдылығын арттыру жөніндегі Үкіметтің шараларымен, Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мүмкіндіктерімен, ИИДМБ-3, Нұрлы Жол, Цифрлық Қазақстан, «Қарапайым заттар экономикасы» секілді бірқатар мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жобалармен, сондай-ақ ел экономикасының 700 ірі, орта және шағын активтерін жекешелендіруге Саар компанияларының қатысу мүмкіндіктерімен таныстырды.

Өз кезегінде, Саар СӨП Басқарушы директоры Оливер Гроль «Қазақстан аумағы бойынша әлемде 9-шы орын алатын, табиғи ресурстарға бай қоры бар, халықаралық агенттіктер мен ұйымдардың рейтингтерінде жоғарғы орынға ие және экономикасын әртараптандыру жөніндегі саясатты табысты іске асырып отырған ел ретінде автомобиль мен қосалқы бөлшектер өндіру, машина жасау, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті зерттеу саласында жемісті жұмыс істейтін Саар компанияларымен өзара тиімді ынтымақтастық құру үшін зор мүмкіндіктер беретінін» атап өтті.

Іс-шараға қатысқан "Montan-Stiftung Saar", "IHS Chmiel, Industrie-, Handels-, Service GmbH", "Sikos GmbH", "Hydac Sales Center GmbH", "Saaris", "Abel+Schäfer Komplet Bäckereigrundstoffe GmbH" секілді Саар компанияларының басшылары қазақстандық нарықтың серпінді дамуын және өңірлік нарықтарға жақын болуына байланысты перспективалы инвестициялық бағыт ретінде өздеріне айтарлықтай қызығушылық тудыратынын мәлімдеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Саар СӨП өкілдері қатысушыларды Саар Экономика министрлігі және Германияның экономика өкілдігімен бірлесіп, ағымдағы жылы Саар компаниялары үшін автомобиль өнеркәсібіне арналған қосалқы бөлшектер өндірісі саласындағы қазақстандық әріптестермен байланыс орнату мақсатында Қазақстанға «виртуалды таныстыру шарасын» ұйымдастыруға ниетті екендерін хабардарлады.

Анықтама: Саар СӨП 1863 жылы құрылған және қазіргі уақытта оған мүше ретінде шамамен 58 мың Саар компаниялары тіркелген, оларда 300 мыңнан астам адам жұмыс істейді.