Гессен жерінде Наурыз мейрамы өтті

Гессен жерінде Наурыз мейрамы өтті

2025 жылғы 23 наурыз, Буцбах – Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы Германиядағы неміс-казақ қоғамы және Гессен федералдық жері Парламентінің қолдауымен Наурыз мейрамын атап өтті. Бұл шара Гессеннің орталық бөлігінде, Буцбах қаласында алғаш рет ресми деңгейде өткізілді.

Буцбах қаласының әкімшілік ғимаратында өткен салтанатты іс-шараға Гессен жері Парламентінің депутаты Аннета Ветекам, саяси құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ Буцбах қаласының әкімдігі мен Германиядағы неміс-казақ қоғамының төрағасы Томас Хельм қатысты.

Қазақстан Республикасы Бас консулдығының аға дипломаты Сакен Хамидуллин Наурыз мейрамымен отандастарымыз бен қонақтарды құттықтап, екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың әрі қарай дамуына сенім білдіріп, осындай шаралар халықтар арасында достық пен өзара түсіністіктің нығаюына септігін тигізетінін атап өтті.

Томас Хельм өз сөзінде Наурыз мейрамының Берлиннен тыс жерлерде кеңінен атап өтілетінін және қазақстандық дипломаттардың қызметі нәтижесінде бұл мейрам Германияның басқа да өңірлерінде өз көрінісін тауып жатқанына назар аударды. Ол екі ел арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсінікті кеңейту маңызды екенін ерекше атап өтті.