Бас консулдың Саарбрюккен қаласы Мэрімен кездесуі туралы

Бас консулдың Саарбрюккен қаласы Мэрімен кездесуі туралы

3 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаев Саарбрюккен қаласының Мэрі Уве Конрадпен кездесті.

Сұқбат барысында Бас консул Уве Конрадты Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы дамуымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Саар федералдық жерінің астанасы Саарбрюккен қаласы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерімен таныстырды.

Өз кезегінде Саарбрюккен қаласының Мэрі қазақстандық тараппен әр түрлі бағыттардағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға және нығайтуға мүдделі екендігін мәлімдеді, сонымен қатар Қазақстанға арналған іс-шараларды өткізуге Бас консулдыққа қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ, тараптар Қарағанды ​​мен Саарбрюккен қалалары арасында тікелей аймақаралық ынтымақтастықты орнату және әлемде коронавирустық жағдай тұрақтылғанда екі қала әкімшілігінің өзара сапарларын ұйымдастыру мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.

Анықтама: Саарбрюккен - Саарланд федералды жерінің әкімшілік орталығы болып табылады, халқының саны 183 мың адам. Саарбрюккен - Саар-Мозель аймағының экономикалық, ғылыми және мәдени орталығы. Мұнда металлургия, оптикалық-механика, керамика, сыра қайнату, машина жасау және басқа да салалар бар. Жалпы, қалада 100 мың жұмыс орнын құрған 15 мың компания тіркелген, 25 мың студент оқитын 6 жоғары оқу орны табысты жұмыс істеуде. Саарбрюккенде бірінші кезекте ақпараттық технологияларды дамыту мен жасанды интеллектті зерттеуге маманданған бірқатар ғылыми ұйымдар орналасқан.