ҚР ФРГ-дағы Елшісі Н. Онжанов Гессенде: ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша кездесу

ҚР ФРГ-дағы Елшісі Н. Онжанов Гессенде:  ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша кездесу

Висбаден, 2025 жылғы 6 ақпан – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжановтың ГФР Гессен федералдық жеріне жасаған сапары аясында Гессен жерінің Еуропалық және федералдық істер жөніндегі Министрі Манфред Пентцпен кездесу өтті.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, туризм, жасанды интеллект және цифрландыру секілді көптеген бағыттағы екіжақты байланыстарды тереңдету перспективалары қарастырылды. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, оны одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Н. Онжанов және Гессен жеерінің Министрі М. Пентц өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.