
Висбаден, 2025 жылғы 6 ақпан – ГФР Гессен федералдық жеріне сапармен келген Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов және Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулы
Таубалды Умбетбаев Гессен жерінің Парламентіне барды.
Cәлемдесу және суретке түсу рәсімінен кейін ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі Н. Онжанов Парламент ғимаратында Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды.
Келіссөз барысында тараптар сауда-экономика, транзит және логистика, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және цифрландыру секілді ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.
ҚР Елшісі Н. Онжанов Қазақстан мен Германияның көпжақты ынтымақтастығын одан әрі кеңейту үшін бірлескен шараларды арттыру маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, кездесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ ғылым және білім беру саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту мәселелеріне ерекше мән берілді.