Майндағы Франкфуртта зияткерлік және олимпиадалық спорт түрлерінен жарыс өткізілді

Майндағы Франкфуртта зияткерлік және олимпиадалық спорт түрлерінен жарыс өткізілді

Майндағы Франкфурт, 2024 жылғы 13 желтоқсан – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ғимаратында зияткерлік және олимпиадалық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

Германияда тұратын және оқып жүрген отандастарымыз бен қазақ диаспораның қатысуымен өткен спорттық кештің ашылуы Қазақстан гимнінің шырқалуынан басталды. Қатысушылар зиятты, дәлдікті және күшті тоғыстыратын шахмат, дойбы, нарды, дженга, дартс, үстел теннисі ойындарында бақтарын сынады.  Спартакиада қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінген азаматтар мадақтама грамоталарымен және медальдармен марапатталды. Осылайша, спортшыларымыз төл мерекелері қарсаңында өткізілген тартысты нәтижелі аяқтады.

Осындай зияткерлік және олимпиадалық ойындарды дәстүрлі түрде өткізу отандастарымыздың патриоттық сезімі мен бірлігін арттыру, батылдық пен спортқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, бұқаралық спортты дамыту жолында оң әсерін тигізері анық.