Қазақстан Best in Travel 2025 рейтингінде Lonely Planet нұсқасы бойынша саяхаттауға арналған үздік елдер тізіміне енді

Қазақстан Best in Travel 2025 рейтингінде Lonely Planet нұсқасы бойынша саяхаттауға арналған үздік елдер тізіміне енді

Астана, 2024 жылғы 23 қазан – Халықаралық Lonely Planet журналы Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі ретінде таныды.

Lonely Planet сарапшылары жыл сайын саяхатшылардың, туризм саласындағы қызметкерлерінің, авторларының және басқа да мамандарының ұсыныстарына негізделген бағыттарды мұқият талдап, үздіктерді анықтайды. 2025 жылы таңдау басқа елдер арасында өзінің бай тарихымен, алуан түрлі табиғатымен және бірегей мәдени мұрасымен ерекшеленетін Қазақстанға түсті.

 «Қазақстанның Lonely Planet сияқты  әлемдегі беделді басылымның Best in Travel 2025 рейтингіне қосылуы – еліміздің туризміне әлем бойынша қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.  Елдің шынайы мәдениеті мен алуан түрлі табиғатын халықаралық деңгейде ілгерілетуді жалғастыра отырып, біз тұрақты туризм принциптерін ұстанамыз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

«Best in Travel 2025 – бұл біздің жыл сайынғы әлемге арналған жүрекжарды хатымыздың соңғы нұсқасы. Біз осы басылымға енген бағыттарды мақтан тұтамыз және ұсыныстарымыздың негізінде жатқан терең түсінік пен жергілікті біліммен бөлісуге қуаныштымыз. Біздің тізім саяхатшыларды келесі жылы жаңа бағыттарды ашуға шабыттандыратынына сенімдіміз» - деді Lonely Planet-тің контент бойынша аға вице-президенті және атқарушы редакторы Нитя Чамберс.

Әлемнің беделді басылымының тізіміне енген Қазақстан ежелгі дәстүрлер мен заманауи өмір тоғысқан ел ретінде сипатталған. Елімізге келген әрбір турист отанына ерекше сезіммен оралатыны анық. Lonely Planet басылымының мақаласында: «Қазақстан – тек саяхаттайтын ел емес, бүкіл әлемге ашылуы тиіс, сапарға шығуға тұрарлық және тарихтың бір бөлшегі болатын ел. Ежелгі Жібек жолының сыбдыры Қазақстан қалаларды қалаларын қоршап тұрған шексіз далада да естіледі», деп жазылған.

Айта кететін жайт, Қазақстанның туристік әлеуетін тек Lonely Planet журналы ғана емес, әлемге танымал туристік басылымдар да жоғары бағалап отыр. Мәселен, Conde Nast Traveller және Wanderlust басылымдары Қазақстанды 2024 жылы әлемдегі ең үздік саяхат бағыттарының тізіміне енгізген. Сондай-ақ, Алматы қаласы The New York Times нұсқасы бойынша үздік 52 туристік бағыттың қатарына енді.

Анықтама: Lonely Planet-бұл саяхат туралы егжей-тегжейлі кеңестер мен ұсыныстар беретін жетекші халықаралық туристік ақпарат баспагері. Басылым 1973 жылдан бастап 50 жылдан астам қызмет атқарып келеді. Lonely Planet 14-тен астам тілде нұсқаулықтар шығарады және 195 елді қамтиды. Lonely Planet тек бағыттар туралы ақпаратты ұсынып қана қоймайды, сонымен қатар Best in Travel сияқты саяхаттауға арналған ең жақсы жерлер туралы мақалалары мен тізімдерін жариялау арқылы адамдарды саяхаттауға шабыттандырады.

Best in Travel - бұл әлемдік туристік қауымдастық үшін ең өзекті және шабыттандыратын саяхат бағыттарын ұсынатын маңызды баспа. 2025 жылы бұл жылдық рейтинг 15-ші рет шығады. Бірегей тәжірибе ұсынатын және тұрақты туризм принциптеріне адалдығын көрсететін елдер мен аймақтарға назар аударылады.