Германияда 24-ші «goEast» кинофестивалі аясында қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтті

Германияда 24-ші «goEast» кинофестивалі аясында қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтті

2024 жылғы 30 сәуір, Висбаден – 2024 жылғы 24-30 сәуір аралығында ГФР Гессен федералдық жерінің астанасы Висбаден қаласында 24-ші Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің «goEast» кинофестивалі өтті.

2001 жылдан бастап жыл сайын Висбаден қаласында Неміс кино институты мен мұражайы (DFF) өткізетін кинофестиваль Орталық және Шығыс Еуропаның фильмдеріне халықаралық деңгейдегі маңызды платформаларының бірі болып табылады және фестивальдің жеті күнінде кинематографиялық өнер мен ілеспе іс-шараларды қамтитын кең бағдарлама ұсынылады.

24-ші goEast кинофестивалі барысында шеберлік сабақтар, көптеген пікірталастар, дәрістер, кино талқылаулар және 90 көркем және деректі фильм, оның ішінде 16 толықметражды фильмдердің көрсетілімдері өтті.

Фестиваль шеңберінде қазақстандық режиссерлар Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу», Айжан Қасымбектің «Мадина» және қысқаметражды фильмдер бағдарламасында Шұғыла Сержанның «Кешігіп соққан жел», Камила Сағынтқанның «Тәуелсіздік күнімен», Айғаным Мухамеджанның «Алас» және Сая Омардың «Дала қорғаушысы» атты көркем фильмдері көрсетілді.

Фестивальдің негізгі, RheinMain қысқаметражды фильмдер және East-West Talent Lab байқаулары қорытындысы бойынша жалпы 28 мың еуро сомасы көлемінде 12 фильм тиісті жүлде мен номинациялар алды.

Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу» көркем фильмі goEast фестивалінің ақпараттық серіктесі «3sat» телеканалының марапатына ие болды. «Бауырына салу» көркем фильмінің телевизиялық премьерасы 2025 жылы goEast кезінде жоспарлануда.

«Бауырына салу» фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген. Бұл фильм «Бауырына салу» дәстүрі бойынша туғаннан кейін әжесінің тәрбиесіне тапсырылған бала Ерсұлтанның әсерлі оқиғасын баяндайды. Әжесі қайтыс болғаннан кейін ол өзінің ата-анасына оралуға және оған бөтен адамдармен жаңа ортада қарым-қатынас құруға мәжбүр болады.  Режиссер Асхат Кучинчиреков басты кейіпкердің терең сезімін және оның жеке қақтығыстарын сезінуге мүмкіндік береді.