Майндағы Франкфурт қ. ҚР мемлекеттік органдарының консулдық сұрақтар жөнінде көшпелі кеңесі өтті

Майндағы Франкфурт қ. ҚР мемлекеттік органдарының  консулдық сұрақтар жөнінде көшпелі кеңесі өтті

Майндағы Франкфурт, 2024 ж. 23-24 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті мен Бас консулдығының ұйымдастыруымен Майндағы Франкфурт қаласында Қазақстан Республикасы мүдделі органдарының (ҚР ІІМ, ӘМ, ҰҚК) өкілдерімен ҚР-дың Еуропа елдеріндегі консулдарына арналған көшпелі отырыс өтті.

Консулдық қызмет департаментінің директоры Б. Ақатаев 2023 жылы консулдық саладағы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, консул лауазымындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша жұмысты күшейту жөніндегі нақты шараларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Екі күнгі күн тәртіпте азаматтық мәселелері, заңдастыру, құжаттарды талап ету, виза беру, азаматтық хал актілерін тіркеу, бала асырап алу, құжаттандыру бойынша мемлекеттік қызметтер және Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы визалық режимді ырықтандыру сұрақтары талқыланды. Сондай-ақ, Еуропа елдеріндегі консулдар қызметтерді көрсету барысында туындайтын сұрақтар жөнінде тікелей ҚР мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерімен сұрақ-жауап форматында пікір алмасты.

Жиналыс нәтижесінде консулдық саладағы өзекті мәселелерді жедел шешу, мемлекеттік қызметтер бизнес-процестерін жетілдіру және ЕО-мен визалық режимді либерализациялау бойынша дәйекті бірлескен жұмыс жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар енгізілді.