Майнхайм қаласында Қазақстанмен ынтымақтастық талқыланды

Майнхайм қаласында Қазақстанмен ынтымақтастық талқыланды

2024 жылғы 5 ақпан, Манхайм – Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулы Т. Умбетбаевтың Баден-Вюртемберг федералдық жеріне жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Сапар барысында жергілікті Сауда-өнеркәсіп палатасының Бас директоры Манфред Шнабель, Манхайм қаласының мэрі Кристиан Шпехт және Sparkasse Rhein Neckar банкі Басқару Төрағасы Хельмут Августинмен кездесулер өтіп, экономикалық, мәдени және қоғамдық өмірдегі әртүрлі салаларының өкілдері және дипломатиялық корпус арасындағы халықаралық әрекеттесуді нығайтуға бағытталған Salon Diplomatique бірлестігінің мүшелерімен пікір алмасты.

Кездесулер барысында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын ескере отырып, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы экономикалық және инвестицилық байланыстарды нығайту және ғылым мен технология салаларында маманданған мекемелер арасындағы әрекеттесу мәселелеріне ерекше мән берілді.

Сапар соңында Баден-Вюртемберг федералдық жерінің мәдени бай мұрасымен танысу мақсатында Рейс-Энгельхорн мұражайларының археологиялық коллекциясына экскурсия ұйымдастырылды.