Майндағы Франкфурт қаласында жаңажылдық шырша өтті

Майндағы Франкфурт қаласында жаңажылдық шырша өтті

2023 жылғы 29 желтоқсан, Майндағы Франкфурт – Жаңа жыл қарсаңында ҚР Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығына келген азаматтарды Аяз ата мен Ақшақар қарсы алды.

Бас консулдықтың қызметкерлері азаматтарымызды консулдық бөлімде қарсы алып, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Бұған қоса, Бас консулдық ғимаратында балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» мейрамы өтті. Балалар ойыншықтармен безендірілген Жаңа жылдың  басты сәні – жасыл шырша бойында арнайы жаңажылдық мерейлік бағдарламаға қатысып, тәтті сыйлықтарға ие болды.

 

Бас консулдықтың ұжымы Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтай отырып, бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілейді.

Құрметті отандастар!

Осы жылы Бас консулдық «Әділетті Қазақстан» құру, еліміздің халықаралық беделін арттыру, бірқатар алпауыт елдермен сенімді серіктестік орнату жолында өзіне жүктелген ауқымды жұмысын, нәтижелі жобаларын жүзеге асырды.

Азаматтарымыздың мүдделері мен құқықтарын қорғау – біздің ең маңызды міндетіміздің бірі болып қалуда. Көптеген азаматқа нақты көмек көрсетілуде.

Келер Жаңа жыл жемісті бастамалар мен жаңа мүмкіндіктерге ақ жол ашып, үлкен жетістіктерге жетелесін!

Әр шаңыраққа бақыт, шаттық, құт-береке әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!

ҚР Майндағы Франкфурт қ. Бас консулы

Т. Умбетбаев