Майндағы Франкфуртте кітап индустриясындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Майндағы Франкфуртте кітап индустриясындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Майндағы Франкфурт, 2023 жылғы 21 қараша – Қазақстанның Бас консулы Т.Үмбетбаев Frankfurter Buchmesse GmbH директоры Юрген Бооспен және Frankfurter Buchmesse GmbH тұтынушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі менеджері Владка Купскаямен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Германия ынтымақтастығының мәдениет, әдебиет және кітап шығарудың түрлі салаларындағы өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.