Майндағы Франкфурт қаласында Қазақстан Республикасы күніне орай «Тұғырлы Тұран, өміршең өркениет» атты концерт өтті

Майндағы Франкфурт қаласында Қазақстан Республикасы күніне орай «Тұғырлы Тұран, өміршең өркениет» атты концерт өтті

Майндағы Франкфурт, 2023 жылғы 20 қазан – Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында Майндағы Франкфурт қаласындағы Dr.Hoch атындағы консерваториясының «Clara Schumann Saal» залында «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі мен «Жорға» би тобының «Тұғырлы Тұран, өміршең өркениет» атты концерті өтті.

ҚР Бас консулы Т. Үмбетбаев сөзінде екі ел арасындағы қарым-қатынас туралы егжей-тегжейлі хабардар ете отырып, аталған концертті Маңғыстау даласындағы жел және күн энергиясынан "жасыл сутек" өндіретін Svevind компаниялары жобасының зауытының негізін қалаған Федералды президент Ф.Штайнмайердің Маңғыстау облысына құрметті сапары үшін неміс жеріне сыйы ретінде бағалауға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, осындай мүмкіндікті ұсынып отырған Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев пен Маңғыстау облысының Мәдениет басқармасының басшысы Әбілқайыр Жаңайұлы Байпақовқа алғысын білдірді.

Концерттік бағдарламада "Жорға" ансамблінің ұлттық би өнерімен және "Тарбия" сән үйінің ұлттық киімдерін көрсетуімен сүйемелденген дәстүрлі халық әндері мен қазақ композиторларының шығармалары орындалды

Көрермендердің назарына ежелгі заманнан бері қазақтардың дәстүрлі мәдениетінде ерекше орын алатын музыка мен оның негізгі тасымалдаушылары – қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, жетіген және т.б. туралы мәлімет жеткізіле тұрып, әрбір аспаптың өзіне тән үнін тамашалауға керемет мүмкіндік берілді.

Іс-шараға Гессен жері ведомстволарының қызметкерлері, консулдық корпустың мүшелері, іскерлік топтарының, қоғамдық және мәдени ұйымдарының өкілдері, қазақстандық студенттер және қазақ диаспорасы қатысты.

 Қазақстандық музыкалық мәдениеттің үлгілерін паш еткен «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі мен «Жорға» би ұжымының өнеріне тәнті болған неміс жұртшылығы оларға зор қошемет көрсетті.