Қазақстан-Гессен (ГФР) экономикалық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Қазақстан-Гессен (ГФР) экономикалық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Майндағы Франкфурт, 2023 жылғы 25 қыркүйек - 2023 жылғы 25 қыркүйекте ҚР Бас консулы Т.Үмбетбаев Майндағы Франкфурт қ. Сауда-өнеркәсіп палатасының Төрағасы Др. Юрген Ратцингер және осы мекеменің халықаралық бөлім директоры Пол Шмитцпен кездесті.

Кездесу барысында неміс тарапы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында айтылған Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізгі бағыттарымен таныстырылды.

Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды ауқымды дамытудың мәселелерін талқылады.

Бас консул жақында болатын Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың Германияға сапары туралы ақпарат беріп, бұл іс шаралар Еуропалық Одақ мүшелері ішінде Германия Қазақстанның ерекше стратегиялық серіктесі ретіндегі екі елдің жан-жақты ынтымақтастығын тереңдеуін растайтыны екеніне назар аударды.

Сонымен, тараптар екіжақты және көпжақты форматтарда бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы мемлекетаралық экономикалық, мәдени және ғылыми байланыстарды жандандыруды келісті.

ҚР дипломаты мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға және өзара тиімді байланыс орнатуға ықпал ететініне сенім білдірді.