ҚР Бас консулы Т. Үмбетбаев "Оқжетпес" әйелдер футбол клубының ойыншыларымен кездесті

ҚР Бас консулы Т. Үмбетбаев "Оқжетпес" әйелдер футбол клубының ойыншыларымен кездесті

Майндағы Франкфурт, 11 қыркүйек 2023 ж. – ҚР Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығы ғимаратында Қазақстан дипломаттары әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасы 1-раундының футбол матчтарында ойнаған "Оқжетпес" футбол клубының ойыншыларымен кездесіп, қазақстандық жас спортшыларды Майндағы Франкфурт қаласының көрнекі жерлерімен таныстырды.

ҚР Бас консулы Т. Үмбетбаев кездесу барысында шет мемлекеттегі дипломат қызметі туралы айтып, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және өскелең ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетін арттыру мәселелері ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың негізгі тапсырмаларының бірі екендігіне назар аударды және футбол клубының басшылары мен жаттықтырушыларына мемлекетіміздің әйел спорты жетістіктеріне қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Кездесу соңында футболшыларға спорттық табыстар тілеп, естелік сыйлықтар табыс етілді.

"Оқжетпес" футбол клубының атынан ФК директоры Ю.Бондаренко Бас консулдық қызметкерлеріне көрсеткен қолдаулары мен көмектеріне ыстық лебіздерін айтып, жылы қабылдау үшін зор алғысын білдірді.