Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған Майндағы Франкфурт қаласындағы іс-шара туралы

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған Майндағы Франкфурт қаласындағы іс-шара туралы

Франкфурт-на-Майне, 2023 жылғы 4 қыркүйек – 2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Германияда оқитын студенттер мен қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай іс-шара өткізді.

Құттықтау сөзінде ҚР Бас консулы Т. Үмбетбаев ҚР Ата Заңына жалпыұлттық референдум нәтижесінде қабылданған түзетулер енгізілгеннен кейін Конституция күнін алғаш рет мерекелеуіне назар аударды. Отандастарымызға негізгі конституциялық өзгерістер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекеттің экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған экономикалық саясаттың жаңа тәсілдері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, мемлекеттің болашағы жастарымыздың "Әділетті Қазақстан" құруға қатысуының маңыздылығы атап өтілді.

Консулдық мекеме басшысы өз сөзінде отандастарымызды Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығының жарқын көрінісі болып табылатын Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтады.

Іс-шараның одан әрі барысы футболдан спорттық жарыстар, «Талапай» қазақ халық ойындары және фуршет үстелі түрінде өтті. Жеңімпаздарға тиісті грамоталар және қазақтың ұлы ақыны және халық ағартушысы Абай Құнанбаевтың "Абай" атты шығармалары естелік сыйлық ретінде табысталды.