ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Н. Онжанов Гессен федералдық жеріне жұмыс сапары барысында бірқатар кездесулер өткізді

ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Н. Онжанов Гессен федералдық жеріне жұмыс сапары барысында бірқатар кездесулер өткізді

Майндағы Франкфурт, Висбаден, Дармштадт, 2022 жылғы 14-15 қараша - ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Нұрлан Онжанов Гессен федералдық жеріне жұмыс сапары барысында ҚР-ның Майндағы Франкфурт Бас консулдығының ұйымдастыруымен Гессен Мемлекеттік кеңсесінің ЕО мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Уве Беккер, м. а. Майндағы Франкфурт қаласының обер-бургомистрі, доктор Наргесс Эскандари-Грюнберг, «Hessen Trade & Invest GmbH (HTAI)» Гессен сыртқы экономикалық қызмет агенттігінің Бас директоры, доктор Райнер Вальдшмидт, Гессеннің экономика, энергетика, көлік және өңірлік даму министрлігінің өкілдерімен кездесті, сондай-ақ «Merck KgaA» неміс компаниясының штаб-пәтерімен танысты.

Кездесулер барысында талқылаудың басты тақырыбы Германияның маңызды өнеркәсіптік орталықтарының бірі Гессен федералдық жерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың болашағы болды.

Келіссөздер аясында Елші Н. Онжанов бизнесті жүргізу шарттары, ҚР-дағы қолайлы инвестициялық ахуал және мемлекет пен шетелдік компаниялар арасындағы сенімгерлік диалогты дамыту туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Германия тарапының өкілдері елдер арасындағы түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың, бизнес өкілдері арасында тікелей байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ҚР аумағында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге қызығушылық көрсетті.

Беккер федералдық жер Үкіметінің атынан Қазақстанның елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі күш-жігерін, оның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және т.б. жолымен жүргізуді құптады және екіжақты ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асыру әлеуеті туралы оң пікір білдірді.

Гессен - Германияның маңызды өнеркәсіптік орталығы. Осы жерде химия, фармацевтика, көлік және электр өнеркәсібі сияқты дамыған салалар жақсы ұсынылған. Бұл әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі. Шағын және орта бизнес экономикасында ерекше маңызға ие. Табиғаты мен бай тарихының арқасында Гессен әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристердің сүйікті орны болып табылады.

«Merck KgaA» штаб-пәтері 1668 жылы құрылған және Дармштадтта орналасқан жетекші ғылыми-техникалық компания болып табылады. Денсаулық сақтау, биология ғылымдары және электроника саласында жұмыс істейді: генді өңдеу технологияларын жетілдіруден және ең күрделі ауруларды емдеудің бірегей әдістерін табудан бастап, ақылды құрылғыларды жасауға дейін айналасады. 2021 жылы Merck KgaA компаниясының сату көлемі 66 елде 19,7 млрд. еуроны құрады.

 

ҚР-ның Майндағы Франкфурт Бас консулдығы