Екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері Гессен федералдық жерінің мемлекеттік кеңсесінде өткен кездесуде талқыланды

Екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері Гессен федералдық жерінің мемлекеттік кеңсесінде өткен кездесуде талқыланды

2022 жылғы 18 қазанда ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Тауболды Үмбетбаев Гессен Үкіметінің еуропалық істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Уве Беккермен кездесті. Кездесу барысында екі елдің кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыстар орнатуды, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен технологияларды беруді қоса алғанда, Германияның маңызды өнеркәсіптік аймақтарының бірімен сауда, экономика және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.