Майндағы Франкфурт қаласында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

Майндағы Франкфурт қаласында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

Майндағы Франкфурт қ., 2022 жылғы 21 қазан - Қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалымы, публицисті, қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу шеңберінде, ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы әдеби кеш ұйымдастырды.

Іс-шара қонақтары арасында ведомстволардың жауапты қызметкерлері, ҚР және Гессен федералдық жерінің экономикалық топтарының өкілдері, қазақстандық студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері және еліміздің достары қатысты.

Шығармашылық кешті ашқан ҚР-ның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Тауболды Үмбетбаев Ахмет Байтұрсыновтың мұрасы мен еңбектерін маңыздылығын, оның қазақ тілі, әдебиеті мен саяси қызметін дамытуға «Ұлт ұстазы» ретіндегі зор үлесін атап өтті. Іс-шараға қатысушылардың назарына көрнекті ғалымның өмірбаянынан қызықты деректер, оның шығармаларынан үзінділері бар деректі бейнероликтер ұсынылды.

Өз кезегінде, «Steppe&World» баспасының директоры Раиса Сайран Қадыр ұлтаралық достықтың негізі ретінде елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастарды одан әрі кеңейту және тереңдету қажеттігін ерекше атап өтті және қазақ тілінің қазіргі жағдайы, оны қолдану аясын кеңейту перспективалары туралы айтып берді.

Іс-шара пікірталаспен жалғасты, оның барысында қатысушылар қазіргі қазақ тілін, жазуды дамытудағы ағартушының рөлін және оның Қазақстанда саяси және мәдени өміріне тигізген әсерін талқылады. Сондай-ақ, Германия жоғары оқу орындарының студенттері қазақ күйлері мен әндерін орындады.

Көрнекті қазақ ғалым-лингвисті және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы 2022 жылы атап өтілетін ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген.