Бас консулдықтың «TinyForest» жобасына қатысуы туралы

Бас консулдықтың «TinyForest» жобасына қатысуы туралы

18 наурызда Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында Бас консулдық «қалалық орман» құруға бағытталған «TinyForest» жобасы аясында Бад-Вильбель қаласында «Рейн-Майн» еуропалық мектебінің аумағында ағаш көшеттерін отырғызуға қатысты.

Іс-шараға Еуропа мектебінің басшылығы мен оқушылары, олардың ата-аналары, қала әкімшілігінің өкілдері, «TinyForest» жобасына үйлесттірушілері және Бас консулдықтың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысты.

Еуропа мектебінің директоры Т.Зильстра өзінің сөзінде бүгінгі таңда «TinyForest» жобасы аясында мектеп оқушыларын елдің орман шаруашылығын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстарға кеңінен жұмылдырып жатқанын атап өтті.

Аталған жоба жапон ғалымы Акира Миявакидың шағын жер телімдерінде «қалалық орман» құру жөніндегі 1980 жылдарғы тұжырымдамалық бастамасынның негізінде құрылған және кейін жоба бірқатар елдерде кеңінен қолданыла бастады.

Осы орайда, Т.Зильстра көшеттерді бірлесе отырғызуға Бас консулдықтың қатысуының маңыздылыңын айта отырып, оның жас ұрпақты игі істерге баулып қана қоймай, олардың Қазақстанның мәдениетімен және Наурыз мейрамымен танысуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Бас консул мектеп әкімшілігіне жаңа өмірдің басталуын, табиғаттың оянуы мен жаңаруын бейнелейтін Наурыз мейрамына жақын, маңызды әрі символдық шараға қатысуды ұсынғаны үшін алғысын білдірді.

Баяндамасының барысында Бас консул қатысушыларды Шығыс елдерінде «Наурыз» мерекесінің пайда болу тарихымен, оның рухани құндылығы мен Қазақстан халқы үшін қасиеті пен киелілігі жөнінде және елде осы мейрамды жалпыұлттық мерекелеу дәстүрлері туралы жан-жақты хабардар етті.

Осы орайда, 2009 жылы ЮНЕСКО бұл мерекені адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізгені, ал 2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы әлемнің 10 елінде мерекеленетін осы мейрамды «Наурыз» халықаралық күні» деп тану туралы резолюция қабылдағаны атап өттілді.