Қазақстан Республикасына бару үшін визасыз тәртіпті қалпына келтіру туралы

Қазақстан Республикасына бару үшін визасыз тәртіпті қалпына келтіру туралы

2020 жылғы 17 сәуірдегі «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (келуінің) және Қазақстан Республикасына болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі №220 Қаулысының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 31 желтоқсанда сағат 23:59-да аяқталуына байланысты, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 күнге дейінгі визасыз тәртіп келесі елдердің азаматтары үшін қайта қалпына келтірілетінін хабарлаймыз: Австралия Одағы, Америка Құрама Штаттары, Австрия Республикасы, Бахрейн Корольдігі, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ватикан Қасиетті Тақ, Вьетнам Социалистік Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль мемлекеті, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Индонезия Республикасы, Италия Республикасы, Канада, Катар Мемлекеті, Кипр Республикасы, Колумбия Республикасы, Корея Республикасы, Кувейт мемлекеті, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Лихтенштейн Князьдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Венгрия, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланды Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур Республикасы, Словакия Республикасы, Словения Республикасы, Таиланд Корольдігі, Түрік Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Филиппин Республикасы, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чехия, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы.

Сонымен бірге, осы елдердің азаматтары Қазақстан Республикасына жоспарланған әрбір сапары алдында карантиндік шектеулердің талаптары туралы өзекті ақпаратпентанысуы қажеттілігі туралы хабарлаймыз.