Бас консул "Stan-Logistics форумына" қатысты

Бас консул "Stan-Logistics форумына" қатысты

14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас консулы Ермұқамбет Қоныспаев Германияның Көлік және цифрлық инфрақұрылым федералдық министрлігінің қолдауымен Германияның логистикалық альянсы ("Logistics Alliance Germany e.V.") ұйымдастырған "Stan-Logistics" форумының ашылуына қатысты.

Аталған іс-шара шеңберінде Германияның Қазақстан, Өзбекстан және басқа да Орталық Азия елдерімен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық әлеуетін дамыту перспективалары мен мүмкіндіктері талқыланды.

Құттықтау сөзінде Бас консул форумға қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздің көлік-транзиттік және логистикалық әлеуетін дамыту, германиялық және басқа да шетелдік әріптестермен бірлесіп ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша Қазақстанның жетістіктерімен, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективаларымен таныстырды.

Іс-шарада Бундестаг депутаты, Германия Көлік және цифрлық инфрақұрылым Федералды министрлігінің Парламенттік мемлекеттік-хатшысы Штеффен Бильгер, "Logistics Alliance Germany e.V." Басқарма төрағасы Марк Оедековен, "KazLogistics" Қазақстан көлік жұмысшылары одағының Бас директоры Ерлан Абсатов, "Germany Trade & Invest" Басқарушы директоры Уве Штробах, DKU логистика мәселелері жөніндегі уәкіл Бургхард Шеел, сондай-ақ "Universal Transport", "Konrad Zippel Spediteur", "Züst & Bachmeier Project GmbH" және т.б. неміс компанияларының өкілдері сөз сөйледі

Форумға қатысушылар неміс іскер топтарының Қазақстан аумағы арқылы көлік тасымалын дамытуға деген қызығушылығының артқаны туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Германия Қазақстанды қысқа мерзімде Еуропа мен Азия арасындағы көлік-транзиттік және логистикалық хаб мәртебесін нығайта алған сенімді және тұрақты серіктес ретінде қарастыратыны атап өтілді. Осыған байланысты неміс тарапының Қазақстан мен өзара тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде білікті мамандарды даярлау, озық цифрлық шешімдерді енгізу, бірлескен логистикалық өнімдерді әзірлеу, контейнерлік тасымалдарды кеңейту және т.б. салаларда, одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге дайындығы білдірілді.

Іс-шара соңында Бас консул форумға қатысушыларды әлеуетті қазақстандық және шетелдік әріптестермен осы жұмысты жалғастыру үшін 2021 жылғы 13-15 қазанда Алматыда өтетін "TransLogistica Kazakhstan" халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.