Германияның іскер топтары өкілдерінің назарына!

Германияның іскер топтары өкілдерінің назарына!

Нұр-Сұлтан қаласындағы «KazAgro-2021» және «KazFarm-2021»

халықаралық ауылшаруашылық көрмелері туралы

2021 жылдың 20-22 қазанында Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласында «KazAgro-2021» және «KazFarm-2021» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмелері өтетінін хабарлаймыз.

«KazAgro» көрмесі Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасы, жабдықтары мен машиналары саласындағы ең ірі көрме болып табылады, оған қатысу нарық көшбасшыларының ұсыныстарының толық жиынтығымен танысуға және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының техникалық паркін жаңғырту үшін үздік шешімдерді таңдауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, «KazFarm» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының дәстүрлі және жетекші салаларының бірі болып табылатын мал шаруашылығының әртүрлі салаларындағы эмбриондардан бастап дайын өнім мен сервиске дейін тақырыбын толық қамтитын жалғыз көрме болып табылады. Көрме экспозициясында барлық асыл тұқымды элиталық және сирек кездесетін жануарлар тұқымдары кеңінен ұсынылады.

Екі көрме де ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамыту және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніне заманауи технологияларды енгізу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты орнатуға және дамытуға бағытталған Қазақстандағы адамдар ең көп қатысатын және кеңінен жарияланатын іс-шаралар ретінде өзін танытты.

Көрмелерде Түркия, Белоруссия, Украина, Ресей, Испания, Италия, Қытай, Канада, Германия және әлемнің басқа да алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық стендтері ұсынылады деп жоспарлануда. 2019 жылы көрмелерге әлемнің 26 елінен 300-ден астам компания қатысты.

Көрмелер келесідей бөлімдерден тұрады: Мал шаруашылығы үшін қажетті нәрсенің бәрі; Өсімдік шаруашылығы үшін қажетті нәрсенің бәрі; Қазақстанның аграрлық ғылымы мен инновациялары; Ауыл шаруашылығына арналған өндірістік ғимараттардың құрылысы; Ауыл шаруашылығы техникасы, қызмет көрсету және жабдықтар; Агроөнеркәсіптік кешенге арналған IT технологиялар.

Сондай-ақ, презентациялар мен жануарлар аукциондарын өткізуден бастап бизнес-миссиялар мен қазақстандық және шетелдік компаниялар арасында меморандумдарға қол қоюға дейін аса мазмұнды іскерлік бағдарлама күтілуде.

Сонымен қатар, көрмелер өткізу кезеңінде палата мүшелері мен бизнес-серіктестердің мерейтойлық республикалық съезі өтеді, оның барысында фермаларға бару және семинарлар мен мал шаруашылығының әдістері бойынша мастер-класстар өткізу қарастырылған.

Осы іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ қосымша ақпарат алуға мүдделі болған жағдайда, көрмені ұйымдастырушыларға тікелей хабарласуға болады.

 байланыс деректері:

manager@expogroup.kz

projekt@expogroup.kz