ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА !!!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА !!!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА !!!

Ұлттық халық санағын өткізу туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2021 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

Шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында «www.sanaq.gov.kz» сайты немесе «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы санақ парақтарын толтырып, халық санағына онлайн режимінде қатыса алады. Жеке басын сәйкестендіру үшін санаққа қатысатын адамның ЖСН болуы талап етіледі.

Халық санағы - Қазақстан Республикасы аса маңызды  жалпыұлттық іс-шара болып табылады. Халық санағының қорытындылары Қазақстан Республикасында 10 жыл ішінде болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді. Санақ 10 жылда бір рет жүргізіледі және мемлекеттік органдарға бюджеттік, әлеуметтік және экономикалық саясатты жоспарлауға мүмкіндік береді. Санақ науқаны барысында жиналған деректер неғұрлым сапалы және толық болса, соғұрлым Қазақстан Республикасы өз азаматтарын қамтамасыз етіп, оларға қолдау көрсете алады.

Осыған байланысты, Германиядағы Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын халық санағына қатысуға және елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуға шақырамыз!