Бас консулдың «Viessmann UAB» басшылығымен кездесуі туралы

Бас консулдың «Viessmann UAB» басшылығымен кездесуі туралы

8 маусымда Бас консул Ермұхамбет Қоныспаевтың «Viessmann UAB» компаниясының Балтық және Орталық Азия елдері бойынша Басқарушы директоры Данас Тропамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы неміс компаниясының қызметін кеңейту перспективалары, оның ішінде тұрғын, коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді тұрғызу кезінде өңірдің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабуға арналған жоғары технологиялық неміс жабдығының жергілікті өндірісін ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

1917 жылы негізі қаланған компания жылыту және салқындату жүйелерінің, сондай-ақ өнеркәсіптік қондырғылардың әлемнің жетекші өндірушісі болып табылады. Кәсіпорында 12,1 мың қызметкер жұмыс істейді, топтың жылдық айналымы 2,37 млрд. еуроны құрайды. Концерннің құрамына әлемнің 12 еліндегі 23 өндірістік кәсіпорын, сондай-ақ әлемнің 74 еліндегі 120 сауда өкілдігі кіреді. Компания өндіретін өнімнің 55% экспортқа шығарылады.