Бас консулдың «HiPP Unternehmensgruppe» балалар тағамын өндіру жөніндегі жетекші компанияның басшылығымен кездесуі туралы

Бас консулдың «HiPP Unternehmensgruppe» балалар тағамын өндіру жөніндегі жетекші компанияның басшылығымен кездесуі туралы

9-10 маусымда Бас консул Ермұхамбет Қоныспаевтың «HiPP Unternehmensgruppe» концернінің басшылығы Клаус және Штефан Хипппен кездесулері өтті.

Кездесу барысында Қазақстанда балалар тағамы өнімдерін өндіру бойынша қазақстандық серіктестермен бірлескен инвестициялық жобаны іске асыру перспективалары талқыланды.

1932 жылы құрылған отбасылық кәсіпорын әлемнің 7 елінде (Германия, Швейцария, Аустрия, Мажарстан, Хорватия, Ресей және Украина) өндірілетін биоорганикалық өнімдердің (балалар сүт қоспалары, ботқалар, пюрелер, шырындар, шай, сондай-ақ сәбилерге күтім жасау құралдары) әлемніңжетекші өндірушісі болып табылады. Компанияның жылдық айналымы 950 млн. еуроны құрайды, кәсіпорында 3650 қызметкер жұмыс істейді.