Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі екенін атап өтті.

Жарлықта келесі жұмыс бағыттар көзделген:

  • БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
  • адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
  • мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
  • әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
  • бірлесу бостандығына құқық;
  • пікір білдіру бостандығына құқық;
  • адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
  • үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
  • адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелді.