Брюссельде Берлин Еуразиялық Клубының 31-ші отырысы өтті

Брюссельде Берлин Еуразиялық Клубының 31-ші отырысы өтті

БРЮССЕЛЬ, 2021 ж.10 мамырда – ҚР ГФР-дағы Елшілігі Брюссель қ. өткен Берлин Еуразиялық Клубының (БЕК) кезекті 31-ші отырысын ҚР Премьер – Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің қатысуымен ұйымдастырды. Герман экономикасының шығыс комитетінің, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің, «Қазақ Инвест «ҰК» АҚ-ның қолдауымен гибридті форматта ұйымдастырылған іс-шара барысында ауыл шаруашылығы, туризм саласындағы ынтымақтастық және инвестицияларды тарту, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері қарастырылды.

Іс-шараға Қазақстанның, Германияның, Бельгияның 100-ден аса үкіметтік және іскер топтарының өкілдері қатысты, соның ішінде ҚР ГФР-дағы Елшісі Д. Кәріпов, ЕО органдары, салалық және өңірлік бизнес-қауымдастықтар, жетекші еуропалық компаниялардың басшылары, атап айқанда SAP SE, CLAAS, Global AGRO GmbH, Deutsche Bank, Baumüller Holding GmbH & Co.KG, Weidmüller Holding AG & Co. KG, RHENUS Verwaltungs SE, Goldbeck Solar GmbH, DB Engineering & Consulting GmbH, John Deere Walldorf GmbH & Co және т.б.

Қатысушылардың алдында ЕО-ның ауыл шаруашылығы және өңірлік даму жөніндегі комиссары ЯнушВойцеховски, Ресей, Орталық Азия, Шығыс әріптестік, өңірлік ынтымақтастық және ЕҚЫҰ бойыншаЕуропалық сыртқы байланыстар қызметінің Басқарушы директоры Михаэль Зиберт сөз сөйледі. Еуропалық тараптан ГФР азық-түлік және ауыл шаруашылығы Федералдық министрлігінің Парламенттікстатс-хатшысы Уве Файлер, бұрынғы еурокомиссар, Еуропалық саясат орталығының кураторы Гюнтер Эттингер, сондай-ақ ГФР сауда-өнеркәсіп және сыртқы сауда палаталары қауымдастығының (DIHK) Басқарма мүшесі, Сыртқы сауда жөніндегі директор Фолькер Трайер, «CLAAS Group» Басқарма мүшесіКристиан Радонс баяндама жасады. Қазақстандық тараптан ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалықреформа комитетінің төрағасы Альберт Рау, Спорт және туризм вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов тақырыптық баяндамалар ұсынды.

Өз сөзінде М.Тілеуберді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемия кезінде экономиканыңтұрақты өсуін қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі бастамаларын жеткізді. Осыған байланысты ол аграрлық және туристік секторларды дамыту Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуда басым бағыттардың бірі болып табылатындығын атап өтті. 2020 жылғы наурызда күшіне енген Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) үдемелі іске асырылуына ерекше назар аударды. Осы тұрғыда ол: «Аталған құжаттың осыдан тура бір жыл бұрын күшіне енуі екі тарап үшін өзара ынтымақтастықтың маңызды тарихи кезеңін білдіреді, Қазақстанның ЕО – мен және Еуроодаққа мүше мемлекеттермен екіжақты форматта да, өңірлік және жаһандық деңгейлерде де кешенді диалогына жаңа серпін береді» деп айтты.Еуропалық сыртқы байланыстар қызметінің (EEAS) бас директоры М.Зиберт Қазақстан - ЕО желісі бойынша диалогтың оң дамуын атап өтті. БЕК Германия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін диалог алаңы ретіндегі маңыздылығын анықтап, Қазақстан ГФР-дың өңірдегі маңызды сауда-экономикалық серіктесі болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде, У. Файлер пандемияның экономика үшін теріс салдарын жою бойынша ГФР қабылдап жатқан табысты шаралар туралы хабарлады. Герман саясаткері АӨК-ке экологиялық стандарттарды енгізудің, органикалық және өңірлік өнімге сұранысты арттырудың өткір қажеттілігін атап өтті. Ол Қазақстан ауыл шаруашылығының жоғары әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын атап өтті, сондай-ақ тәжірибе және ақпарат алмасуға, қазақстандық аграршылардың ГФР-да тағылымдамадан өтуіне және «Қазақстан-Неміс аграрлық-саяси диалогы» шеңберінде кооперацияға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді: «Біз оқыту бағдарламаларын, сараптамалық семинарлар ұйымдастыруды және техникалық ақпаратты ұсынамыз, бұл аграрлық сектордағы жаңа ноу-хаудың берілгендігін білдіреді».

Панельдік пікірталас барысында АӨК саласына инвестициялар тарту, туристік инфрақұрылым мен экспорттық әлеуетті дамыту үшін ағымдағы міндеттерді шешу бойынша нәтижелі пікір алмасылды. Қазақстан мен ЕО елдерінің экономикалық байланыстарына пандемияның теріс салдарын азайту бойынша бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Берлин Еуразиялық клубы 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және ГФР-дың бұрынғы вице-канцлері, Сыртқы істер министрі Х.- Д.Геншердің бастамасымен құрылды. БЕК экономиканың түрлі салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдар, бизнес өкілдерінің, ГФР және Еуропаның басқа да елдерінің сарапшылары мен практиктерінің қатысуы үшін ашық бейресми диалог платформасы ретінде әрекет етеді.