Қазақстанда "QAZVAC" отандық вакцинасының алғашқы партиясын жеткізу жүзеге асырылды

Қазақстанда "QAZVAC" отандық вакцинасының алғашқы партиясын жеткізу жүзеге асырылды

23 сәуірде елдің медициналық мекемелеріне COVID-19 QazCovid-in (QAZVAC) отандық вакцинаның 50 мың доза көлеміндегі бірінші партиясы жеткізілді. Мамыр айында тағы 50 мың дозаның шығарылуы күтілуде. Болашақта препарат өндірісі кезең-кезеңімен айына 500 мың дозаға дейін артады.

Қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының негізінде Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау мақсатында халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін шығарылды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстан вакциналар өндірісін іске қосқан он елдің қатарына және әзірлеуден бастап қолдануға дейін вакциналарды шығарудың толық кезеңін игерген әлемдегі бес елдің қатарына кіреді.

Бүгінгі таңда әрбір жиырмасыншы қазақстандық вакцинацияланды.

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинациялау ерікті болып табылады және әр азамат вакцинация кезінде қолжетімді вакцинациялардың арасынан өзі қалаған вакцинаны таңдауға құқылы.

Вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылғы 15 мамырда кандидат вакцина ретінде тіркеді. I-ші кезеңнің клиникалық сынақтарына 2020 жығықыркүйекте 44 еріктіқатысты, ал II-ші кезеңнің клиникалық сынақтарына17 қазанда 200 еріктінің қатысуымен басталды.

QAZVAC вакцинасын клиникалық зерттеудің I-II кезеңдерінің нәтижелері бойынша есептер және III кезеңінің аралық есебі оның қауіпсіздігін растады.

Ұсынылған есептер негізінде, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен бекітілген COVID-19-ға қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес, вакцина медициналық қолдануға жіберіледі. QAZVAC-ты уақытша тіркеу куәлігі 2020 жылғы 31 желтоқсанда берілген болатын.

Қазақстандық вакцина сынағыныңІІІ-ші кезеңі Хаттамада көзделген зерттеу субъектілерінің 50% межесінен өтті және оны ағымдағы жылғы 25 маусымда аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін QAZVAC-тың тиімділігін толық бағалау жүргізіледі.