Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!

Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!

2021 жылғы 10 қаңтарда сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін Beethovenstraße 17, 60325 Frankfurt am Main мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жанындағы № 269 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне сайлауда дауыс беру өтуіне байланысты, келесіні хабарлаймыз.

Мәлім болғандай, Германияда коронавирустық аурудың одан әрі өсуіне қарсы тұру мақсатында Гессен, Баден-Вюртемберг, Рейнланд-Пфальц және Саар федералды жерлерінің үкіметтері бұрын енгізілген карантиндік шараларды 2021 жылғы 11 қаңтардан 31 қаңтарға дейін ұзарту және күшейту туралы шешім қабылдады.

Бұл шешімдерде қарастырылған жаңалықтар, оның ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда аптасына  200-ден астам жаңа коронавирус ауруы анықталған аудандардың тұрғындарына тұрақты тұратын жерлерінен 15 км радиуста қозғалысты шектеу 2021 жылғы 11 қаңтарынан бастап енгізілетінін атап өтеміз.

Осылайша, 2021 жылғы 10 қаңтарда аталған федералдық жерлерде уақытша және тұрақты тұратын белсенді сайлау құқығына ие дауыс беру күні 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары № 269 сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысу үшін Германия аумағы бойынша кедергісіз өте алады.

Сонымен қатар, Майндағы Франкфурт қаласында жол жүрген кезде жергілікті билікке талап еткен жағдайда ұсыну үшін парламенттік сайлауда дауыс беруге қатысу ниетіңізді растайтын Қазақстан Республикасы Бас консулдығының анықтамасын өзіңізбен бірге алып жүруге кеңес береміз.

Дауыс беруге арналған бюллетеньді алған кезде сайлаушы оның жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, ұлттық паспортын) көрсетуге міндетті екенін еске саламыз.

Маңызды! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 қаулысына, сондай-ақ Германияның жауапты мемлекеттік органдарының талаптарына сәйкес № 269 сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті және азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Бұдан басқа, осы қаулыға сәйкес сенім білдірілген тұлғалар, байқаушылар және БАҚ өкілдері ПТР-тест нәтижелерін сайлау учаскесінде тіркелу үшін қажетті басқа да құжаттармен бірге ұсынады. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар тұлғалар сайлау учаскесінің бөлмесіне жіберілмейді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығына +4915736092263, +4915772444744 тел., сондай-ақ election2021@genkonsul.de электрондық пошта арқылы хабарласуды сұраймыз.

ЖҮКТЕУГЕ АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА

 

Қазақстан Республикасының
Майндағы Франкфурт қаласындағы
Бас консулдығы