Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына қатысты маңызды ақпарат

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына қатысты маңызды ақпарат

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!!!

2020 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.

ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «Nur Otan» партиясы - 126 адам; «ADAL» Саяси партиясы - 16 адам; Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 38 адам; «Қазақстанның Халық партиясы»  - 113 адам.

Сайлау алдындағы бағдарламалары мен саяси партиялар кандидаттарының тізімі туралы мәліметтері бар кестемен қосымшада танысуға болады.

МАҢЫЗДЫ! Атап өтерлігі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлауында дауыс беру № 269 Сайлау учаскесінде 2021 жылғы 10 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін Beethovenstrasse 17, 60325 Frankfurt am Main мекен-жайында өтеді.

Сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының келесі телефон номерлері бойынша: +4915736092263 және +4915772444744, сондай-ақ,  election2021@genkonsul.de электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.

2021 жылғы 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын партиялар тізімі