Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттеріндегі шектеу шаралары

  1. Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келген барлық адамдар (бұдан әрі – келген адамдар) (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде нәтижесін берген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі - Анықтама) ұсынуға міндетті. Алып жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға Анықтама ұсынылмайды.
  2. Анықтама ұсынған, дене температурасы қалыпты шектегі келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат және нұсқаулық алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне дейін жол жүруді жалғастырады.

Анықтаманың болуына қарамастан, дене температурасы жоғары келген адамдар инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады. 

  1. Келген адамдарға сауалнама осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
  2. Келген Қазақстан Республикасының азаматтары Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға материал алуды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) маманы жүзеге асырады.

COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижемен келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.

COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қараудың оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады».