Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалды

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2021 жылғы 10 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының жанындағы (Beethovenstrasse 17, 60325 Frankfurt am Main)№ 269 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.

Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының жанындағы № 269 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне Германияда уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Германия аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) election2021@genkonsul.de электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне (+49/69/971467-44; +49/157/70324769) хабарласуды сұраймыз.