
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2026 жылғы 15 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы жанындағы № 433 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына қатысты республикалық референдум өтеді.
Егер Сіз дауыс беру күнге 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сізде республикалық референдумда дауыс беруге құқықтық негіз бар.
Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы жанындағы № 433 сайлау учаскесінде дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде (Гессен, Баден-Вюртемберг, Рейнланд-Пфальц және Саар федералдық жерлері) уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін ГФР Гессен, Баден-Вюртемберг, Рейнланд-Пфальц және Саар федералдық жерлерінің аумақтарындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта) konsul.fra@mfa.kz электрондық мекенжайына «Республикалық референдум» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда № 433 сайлау учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: +49 69 971 467 33.