«ROGESA Roheisengesellschaft Saar mbH» компаниясына Бас консулдың сапары туралы

«ROGESA Roheisengesellschaft Saar mbH»  компаниясына Бас консулдың сапары туралы

21 қазанда Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаевтың «ROGESA Roheisengesellschaft Saar mbH» компаниясының Басқарушы директоры Франк Беккермен кездесуі өтті.

Сұхбат барысында Ф.Беккер Қазақстанның өзекті әлеуметтік-экономикалық дамуымен, Үкіметтің отандық экономиканы әртараптандыру жөніндегі шараларымен, Қазақстанның тау-кен металлургия саласын дамытудың ағымдағы жағдайымен, бірқатар маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ҚР компанияларымен екіжақты ынтымақтастығының мүмкіндіктерімен таныстырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанда металлургия өнімдерін өндірудің жоғары технологиялық тәсілдерін қолдану мүмкіндіктерін зерделеу және аталған салада бірлескен жобалар әзірлеу мақсатында Бас консулдық пен компания арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Анықтама: 1981 жылы құрылған «ROGESA Roheisengesellschaft Saar mbH» компаниясы жоғары сапалы қалың прокаттың жетекші еуропалық өндірушісі болып табылатын "Dillinger Hütte Group" холдингінің құрамына кіреді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша холдинг жалпы сомасы 2,1 млрд.еуродан асатын шамамен 1,5 мың кт өнім өндірді. Холдинг құрамына 120 еншілес кәсіпорын кіреді, қызметкерлер саны шамамен 7300 адамды құрайды.