Экономикалық дамуға ықпалдасу Франкфурттік Агенттігінің Басқарушы директорымен кездесу туралы

Экономикалық дамуға ықпалдасу Франкфурттік Агенттігінің Басқарушы директорымен кездесу туралы

20 қазанда Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаевтың Экономикалық дамуға ықпалдасу Франкфуртік Агенттіктің Басқарушы директоры Оливер Швебельмен кездесуі өтті.

Сұхбат барысында О.Швебель Қазақстанның өзекті әлеуметтік-экономикалық дамуымен, отандық экономиканы әртараптандыру мен елде бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған Үкіметтің шараларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Майндағы Франкфурт қаласының іскер топтары арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерімен танысты.

Кездесудің қорытындылары бойынша екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге жәрдемдесу мақсатында Бас консулдықтың Экономикалық дамуға ықпалдасу Франкфуртік Агенттігімен тығыз өзара іс-қимылын жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Анықтама: Экономикалық дамуға ықпалдасу Франкфурттік Агенттігі іскерлік қауымдастық пен қаланың саяси топтарын байланыcтыратын Майндағы Франкфурт қаласының 100%  еншілес ұйымы болып табылады. Агенттіктің негізгі мақсаты - Майндағы Франкфуртта экономикалық өсімге ықпалдасу. Агенттік кәсіпорындарды күнделікті қызметіне тұрақты түрде қолдау қызметтердің кең ауқымын ұсынатын алғашқы байланыс орны болып табылады.