Қазақстан білікті мамандарды, кәсіпкерлерді және қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлерді тартуға, елдің жаһандық таланттар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуға арналған визалардың үш жаңа санатын ұсынуда.
NeoNomadVisa (B12-1), DigitalNomadVisa (B9-1), VisaforPermanentResidence (B9) Қазақстанда мансаптық өсім, бизнесті кеңейту немесе қашықтан жұмыс істеу сияқты ұзақ мерзімді мүмкіндіктерді іздейтіндер үшін ыңғайлы және түсінікті жолдарды ұсынады.
NeoNomadVisa (B12-1): Қашықтықтан жұмыс істеу үшін бірегей ұсыныс
NeoNomad (B12-1) визасы Қазақстанда тұрып, шетелдік табысын сақтай отырып, қашықтан жұмыс істегісі келетін кәсіпқойлар мен сандық кәсіпкерлер үшін арнайы әзірленген.
Қазiргi заманғы инфрақұрылымның, қол жетiмдi өмiр сүру құнының және дамып келе жатқан халықаралық бизнес ортаның арқасында Қазақстан Орталық Азияда серпiндi және коммуникациялық база iздейтiн қашықтағы қызметкерлер үшiн тамаша мүмкiндiк бередi.
Цифрлық көшпендінің визасы – DigitalNomadVisa (B9-1): Тұрақты тұрғылықты жерге апаратын жол
Цифрлық көшпендінің визасы (B9-1) тұрақты тұруға ықтиярхат алу мақсатында Қазақстанға қоныс аударатын ақпараттық технологиялар саласындағы сұранысқа ие кәсіпқойларға арналған. Ол қазақстандық еңбек ортасына кірігуге және елдің экономикалық дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Қазақстан бизнес үшін технологиялар, қаржы және басқа да сұранысқа ие салаларда өсіп келе жатқан мүмкіндіктері бар тұрақты, қолайлы ортаны ұсынады. DigitalNomad визасы кәсіби мамандарға тұрақты тұруға ықтиярхат алу үшін өтініш беру процесін аяқтағанға дейін Қазақстанда орналасуға мүмкіндік береді. DigitalNomad визасын алу үшін AstanaHub немесе Қазақстанның IT-секторындағы уәкілетті органның қолдаухаты талап етіледі.
Тұрақты тұруға арналған виза (B9): Білікті мамандар үшін ұзақ мерзімді мүмкіндік
В9 визасы медицина, ғылым, инновациялар, білім беру және шығармашылық индустрия сияқты салаларда сұранысқа ие шетелдік мамандар үшін құрылымдалған жол болып табылады, оларға Қазақстанда ұзақ мерзімге орнығуға мүмкіндік береді.
o Қолданылу мерзімі 90 күнге дейінгі бір мәртелік визалар.
o Жылына бір рет берілетін қолданылу мерзімі 90 күнге дейінгі көп мәртелік визалар береді.
Қазақстанға келген мамандар тұруға ықтиярхатты ресімдей алады, бұл тұрақтылықты және жергілікті еңбек нарығына кірігу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қазақстанның стратегиялық орналасуы, экономикалық өсудің жоғары қарқыны және бизнес үшін қолайлы саясат оны мансаптық өсуге және өмір сүрудің жоғары сапасына ұмтылушылар үшін тартымды бағыт етеді.
Неге Қазақстан?
Қазақстан – жоғары өмір сүру деңгейін, қуатты цифрлық инфрақұрылымды ұсынатын және кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтетін өңірдегі ең жылдам дамып келе жатқан экономикалардың бірі. Еліміз қазіргі заманғы қала орталықтары мен таңғажайып табиғи ландшафттардың бірегей үйлесімі болып табылады, бұл оны мансаптық өсуге де, қызықты өмір салтына да ұмтылатын кәсіпқойлар үшін мінсіз бағыт етеді.
Сіз ұзақ мерзімді мүмкіндіктер іздейтін білікті маман немесе жаңа, шабыттандыратын орын табуға ұмтылатын цифрлық көшпенді екеніңізге қарамастан, Қазақстанға визалардың жаңа нұсқалары дамушы жаһандық әлемде гүлдену үшін қажетті икемділік пен қолдауды қамтамасыз етеді.
Визалық рәсімдер мен талаптар туралы толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Елшіліктеріне немесе Консулдықтарына хабарласыңыз.