Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2024 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы азаматтары Ереван қаласы, Г.Арутюнян көшесі, 11-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі жанынан құрылатын сайлау учаскесінде өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыра алады.

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде сіздің деректеріңіздің болуы сайлау құқығын іске асырудың кепілі. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне ҚР азаматтарын енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағында тіркелу фактісі негіз болып табылады.

Ол үшін ҚР АР-дағы Елшілігінің жанындағы №407 сайлау учаскесіне алдын ала тіркелуді сұраймыз. Тізімдеріңізді Елшіліктің +374 989 359 30 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы тексере аласыз.

Референдумда дауыс беру бюллетеньдер арқылы жүзеге асырылады.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының: www.election.gov.kz сайтында, сондай-ақ Елшіліктің веб-сайты мен әлеуметтік желілерінен алуға болады.

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі.