2024 жылғы 2 сәуірде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының X отырысы өтті

2024 жылғы 2 сәуірде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының X отырысы өтті

2024 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.Жұманғарин мен Армения Республикасының Вице-Премьері М.Григорянның төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының X отырысы өтті. Іс-шара барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Іс-шара қорытындысы бойынша отырыс Хаттамасы, сондай-ақ өзара іс-қимыл жөніндегі нақты бағыттар мен шаралар көрсетілген операциялық қорытындыларға қол қойылды.

https://primeminister.kz/news/serik-zhumangarin-armeniyadan-kelgen-investorlardy-birlesken-zhobalardy-zhuzege-asyruga-shakyrdy-27775