Қазақстан мен Армения астаналары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері Ереванда талқыланды

Қазақстан мен Армения астаналары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері Ереванда талқыланды

         Ереван, 2024 жылғы 22 ақпан – Қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі кеңейту аясында Елші Б.Иманбаевтың Ереван қаласының мэрі Т.Авинянмен кездесуі өтті. Кездесу барысында армян тарапы Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың ауқымды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырылды.

         Өзара қызығушылық тудыратын ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары бойынша, оның ішінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді салу, қала құрылысы, білім және ғылым мәселелерінде тәжірибемен бөлісу тұрғысында пікір алмасу болды. Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымының жыл сайынғы өсуінің айғағы болып табылатын өзара іс-қимылды нығайтудағы тараптардың мүдделілігін назарға ала отырып, өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы атап өтілді, бұл екіжақты байланыстарды ұлғайтуға айтарлықтай ықпал ететін болады. Мэр Т.Авинян тығыз әріптестік орнатуға қызығушылық білдіріп, Ереван мен Астана арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайын екенін атап өтіп, қазақстандық бизнесті бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.