Ереванда Қазақстандағы президенттік сайлаудың қорытындылары талқыланды

Ереванда Қазақстандағы президенттік сайлаудың қорытындылары талқыланды

Ереван, 2022 ж. 25 қараша – Армения астанасында Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындыларына арналған брифинг өткізді. Іс-шараға Арменияның сарапшылар қауымдастығы, іскер топтары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушыларға сайлау науқанын өткізу барысы және дауыс беру нәтижелері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Атап айтқанда, қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақстандық азаматтардың 81,31% дауыс бергені туралы және сайлаушылар қатысуының жоғары деңгейі туралы айтылды.Қазақстан халқының дауыс беруге белсенді қатысуы елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға деген жоғары сенімнің дәлелі болып табылатыны атап өтілді.

Армян сарапшылары сайлау науқанының сәтті өтуімен құттықтап, сайлау нәтижелері Қазақстандағы азаматтық қоғамды саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мен дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының бағытын кеңінен қолдауды көрсететінінатап өтті. Саясаттанушылар заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында ауқымды саяси және экономикалық реформалар процесінде қазақстандық басшылыққа қолдау білдірді. Олардың айтуынша, Қазақстанда заңның үстемдігін қамтамасыз ету, бизнес климатты жақсарту, халықтың билік органдарына деген сенімін арттыру және т.б. салаларда оң өзгерістер байқалуда.Армян сарапшылары мен халықаралық байқаушылардың бағалауы бойынша, сайлау халықаралық құқық талаптары мен нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барынша ашық өтті.