Ереванда Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға қолдау көрсетілді

Ереванда Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға қолдау көрсетілді

Ереван, 14 қараша 2022 жыл - Армения астанасында Қазақстандағы алдағы президенттік сайлауға, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Арменияның мемлекеттік органдарының, сарапшылар қауымдастығының, іскер топтардың, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараға қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси және экономикалық жаңғырту бойынша реформалардың ауқымды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді.

Конституциялық реформаны және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттігі мен мәртебесін кеңейту, аралас сайлау жүйесі, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлануы туралы ҚР жаңа заңдарын іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аударылды. Арменияның Экономика министрінің орынбасары Армен Арзуманян қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайда Қазақстандағы экономикалық және саяси өзгерістердің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, президенттік сайлаудың сәтті өтуін тілей отырып, Қазақстан Республикасының басшылығының саясатын жоғары бағалады. Ол Армения мен Қазақстан арасындағы өзара сауданың үлкен әлеуеті мен оң серпінін, ү.ж. 8 айының қорытындысы бойынша 2,6 есеге ұлғайғанын айтты. Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрінің орынбасары Артур Мартиросян мәдени-гуманитарлық және ғылыми-академиялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың үдемелі дамуына, сондай-ақ түрлі халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі диалогтың жоғары деңгейіне назар аударды. «Альтернатива» зерттеу орталығының жетекшісі Татул Манасерян Қазақстанның халықаралық аренадағы ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан «Өңірлік және әлемдік деңгейде лайықты беделге ие, ал оның халықаралық бастамалары Оңтүстік Кавказда және бүкіл әлемде құрметке ие».