Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл – Ереванда дөңгелек үстел өтті

Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл – Ереванда дөңгелек үстел өтті

Ереван, 7 қараша 2022 жыл - Ереван мемлекеттік университетіндегі Абай атындағы қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығында Қазақстанның Елшілігінің қолдауымен көрнекті қазақ ағартушысы, ақын және ғалым Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Арменияның ғылыми және шығармашылық зиялыларының, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Ереван мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қазақ мәдениетінің дамуына және қазақ халқының рухани жаңғыруына елеулі үлес қосқан Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасын талқылады. Ереван мемлекеттік университетінің түркология кафедрасының меңгерушісі, профессор Сафарян Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық және қоғамдық саяси жолы туралы егжей-тегжейлі айтып, оның ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихындағы көрнекті рөлін атап өтті. Оның айтуынша, «бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Абай, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев сияқты және т.б. әдебиет пен мәдениеттің ұлы қайраткерлерін мақтан тұтады». Профессор Сафарян, Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының армян тіліндегі заманауи аудармалары армян оқырмандары арасында өзекті және үлкен сұранысқа ие екенін айтты.

Белгілі ақын және аудармашы Левон Блбулян және Ереван мемлекеттік университетінің түркология кафедрасының оқытушысы Шушан Хачатрян Байтұрсыновтың бірнеше өлеңдерін түпнұсқада және армян тілінде аудармада оқыды. Байтұрсыновтың шығармалары армян әдебиетін бағалайтындардың қызығушылығын тудырды. Арменияның ғылыми және шығармашылық зиялыларының өкілдері Ахмет Байтұрсыновтың әлемдік және қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, Армения мен Қазақстан мәдениеті арасындағы рухани байланысты атап өтті.