Ереванда құқық қорғау жүйесі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Ереванда құқық қорғау жүйесі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Ереван, 3 қараша 2022 жыл –Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Полиция басшысы Ваге Казарянмен кездесуі өткізді. Келіссөздер барысында құқық қорғау жүйесі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Қазақстан Елшісі саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылының ілгері дамуы, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен және Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалар бағдарламасы туралы хабардар етті. Ішкі істер органдарын реформалау және қызметтің сервистік моделіне көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Ваге Казарян Мемлекет басшысының бастамаларын жоғары бағалап, қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында ұсынылған реформалардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ армян Полициясыныңтрансформациясы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді.

Тараптар Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Армения Полициясы арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды атап өтіп, екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар мен құрылымдар шеңберінде де ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша ниетінтерін растады.