Үкіметаралық Қазақстан-Армения комиссиясының 8-ші отырысының Хаттамасын орындау бойынша онлайн-келіссөздер өтті

Үкіметаралық Қазақстан-Армения комиссиясының 8-ші отырысының Хаттамасын орындау бойынша онлайн-келіссөздер өтті

2022 жылғы 20-22 шілде - «Kazakh tourism» ұлттық компаниясы мен Армения Республикасы Экономика министрлігінің Туризм комитеті арасында бірінші басшылар деңгейінде, «AirAstana» және «FlyArystan» авиакомпаниялары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Армяния туристік ынтымақтастығын кеңейту мәселелері бойынша онлайн-келіссөздер өтті. Тараптар 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан-Армения комиссиясының 8-ші отырысының Хаттамасының туризм саласындағы тармақтарының орындалуын атап өтті және өзара іс-қимылды жандандыру жөніндегі одан арғы қадамдарды талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Армения Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасында 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан-Армения комиссиясының 8-ші отырысының Хаттамасының қоршаған ортаны қорғау және ормандарды тұрақты басқару саласындағы тармақтарын орындау бойынша онлайн-келіссөздер жүргізілді. Тараптар осы мәселелер бойынша ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және техникалық сарапшылар деңгейінде қосымша онлайн-кездесулер өткізуге қызығушылық білдірді.