Ереванда Қазақстанның туристік мүмкіндіктері талқыланды

Ереванда Қазақстанның туристік мүмкіндіктері талқыланды

Ереван, 2022 ж. 29 маусым - Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның туристік компанияларымен кездесіп, Қазақстанның туристік әлеуеті, сондай-ақ туризм саласын мемлекеттік қолдау және жаңа инвестициялар тарту шаралары туралы хабардар етті. Өз кезегінде, туркомпаниялардың өкілдері армян туристерінің Қазақстанға деген қызығушылығының артқанын айтты.

Туроператорлар Қазақстанның туристік өнімін Армения нарығында ілгерілетуге бағытталған ү.ж. 30 маусым мен 4 шілде аралығындағы Алматы және Алматы облысы бойынша «Road Show» презентациялық турын ұйымдастырғаны және оған қатысуға мүмкіндігі үшін, сондай-ақ іскерлік байланыстар қалыптасқанына алғыс білдірді. Бұл соңғы айдағы үшінші осындай шара, алғашқы екеуі қазақстандық блогерлер, БАҚ және туркомпаниялар үшін Арменияда өтті.

Армян тарапы Қазақстанмен туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендігін білдірді. Сұхбат барысында ү.ж. 2 маусымынан бастап Flyarystan әуекомпаниясының Алматы–Ереван–Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейсін ашылуы, Нұр-Сұлтан–Ереван–Нұр-Сұлтан әуе қатынасын, сондай–ақ SCAT әуекомпаниясының Ақтау–Ереван-Ақтау бағыты бойынша қолданыстағы тұрақты рейсті пысықтау маңыздылығы аталды.