Алматыдан Ереванға қазақстандық лоукостердің алғашқы рейсі келіп қонды

Алматыдан Ереванға қазақстандық лоукостердің алғашқы рейсі келіп қонды

Ереван, 2022 ж. 2 маусым - қазақстандық FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Ереванға алғашқы рейсін орындады. Енді жолаушыларға ыңғайлы күндізгі уақытта дүйсенбі және бейсенбі күндері Airbus A320 жайлы лайнерімен Zvartnots халықаралық әуежайынан Алматыға тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылатын болады. Осыған орай Ереван халықаралық әуежайында АР Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Г.Саносян, Қазақстанның Армениядағы Елшісі Б.Иманбаев, АР Экономика министрінің орынбасары А.Арзуманян, АР Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрінің орынбасары А.Симонян, Zvartnots халықаралық әуежайының бас директоры М.Венде, FlyArystan әуекомпаниясының жер үстінде қызмет көрсету жөніндегі директоры Д.Өскенбаев, Арменияның азаматтық авиация комитетінің басшылығы және т. б. қатысуымен FlyArystan бірінші лайнерін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

FlyArystan алғашқы рейсін ресми қарсы алу рәсімінен кейін БАҚ үшін бірлескен брифинг өткізілді. Атап айтқанда, Министр Г.Саносян Арменияның Қазақстанның оңтүстік бөлігі мен Орталық Азияға тікелей жол ашатын Алматы-Ереван-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты әуе қатынасын ашудың маңыздылығын атап өтіп, екі ел арасындағы әуе қатынасының одан әрі кеңейе түсетініне үміт білдірді. Ереван әуежайында FlyArystan-ның ең бірінші рейсінің жолаушыларына естелік кәдесыйлар табыс етілді.

Анықтама: Алматы-Ереван-Алматы тұрақты авиарейсі 1999 жылғы 2 қыркүйекте қол қойылған ҚР және АР Үкіметтері арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге сәйкес ашылды.