Ереванда көлік және өңіраралық саласындағы Қазақстан-Армения ынтымақтастығы талқыланды

Ереванда көлік және өңіраралық саласындағы Қазақстан-Армения ынтымақтастығы талқыланды

Ереван, 2022 ж. 26 мамыр – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Аумақтық даму және инфрақұрылым министрі Гнел Саносянмен кездесті. Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі қағидалары туралы, сондай-ақ 2022 жылғы 5 маусымда өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті. Өз кезегінде армян тарапы Қазақстанға үдемелі даму мен саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырудың табысты жүргізілуін тілеп, өзге бағыттар бойынша екіжақты және көпжақты қатынастарды одан әрі кеңейтуге дайын екендігін білдірді.

Министр ү.ж сәуір айында өткізілген өңіраралық онлайн-келіссөздердің нәтижелілігін атап өтіп, екі ел өңірлері өкілдерінің өзара сапарларын жүзеге асыру жөніндегі бастаманы қолдады. Армян тарапы ү.ж. 2 маусымнан бастап «FlyArystan» әуекомпаниясының Алматы-Ереван-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейсін ашудың, сондай-ақ Нұр-Сұлтан-Ереван-Нұр-Сұлтан әуе қатынасын пысықтаудың маңыздылығын айтты. Әңгіме барысында 2022 жылы Ереванда өтетін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Қазақстан-Армения комиссиясының 9-шы отырысының мәселелері талқыланды.