Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті

Ереван, 2021 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесу өткізді. Сұхбат барысында қазақстан-армян ынтымақтастығы және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Министр Арменияның Қазақстанмен диалогты барлық деңгейлерде, екіжақты форматпен қоса ортақ интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар шеңберінде де жандандыруға мүдделі екенін мәлімдеді. А.Мирзоян зор әлеуеті мен өсу перспективасы бар сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Армения Президенті А.Саркисянның ү.ж. маусым айындағы Қазақстанға сапарының қорытындыларын, сондай-ақ 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысының және 2021 жылғы 20 сәуірдегі ҚР мен АР сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың уағдаластықтарын іске асыру мәселелерін талқылады.

Елші армян тарапын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларымен, сонымен қатар ҚР-дың әлеуметтік-экономикалық модернизациясының өзекті бағдарламалары мен Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы хабардар етті.